Басқа

Дүниежүзілік гимназиаданың алғашқы 3 күнінде Қазақстан 8 алтын алды

Дүниежүзілік гимназиаданың алғашқы 3 күнінде Қазақстан 8 алтын алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиаданың алғашқы 3 күнінде 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада біз 250-ге жуық оқушымызды әуежайға барып, Францияға шығарып салдық. Олар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдастарымен бақ сынасып жатыр.

Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Дзюдо, таэквондо және жүзу жарыстарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдошылар күміс, сондай-ақ дзюдошылар мен таэквондошылар қола жүлдегер атанды» деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Телеграм каналында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер