Жайна Шекербекова 2022 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Бүгін бокстан Ыстамбұлда (Түркия) әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова 1/2 финалда таиландтық Джутамас Джитпонгпен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Джутамастың пайдасына аяқталды.
Осылайша Жайна Шекербекова 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама ала алмай, қола жүлде иегері атанды.
Еске салайық, бұған дейін Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.
Фото: Сали Сабиров, olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или