23 мамырда астаналықтар Олимпиада күнін атап өтеді

23 мамырда сағат 10:00-де Астаналық мәдениет және демалыс саябағында Олимпиада күнінің ресми ашылуы өтеді. Бағдарлама аясында Олимпиада және Әлем чемпиондарымен, еліміздің даңқты спортшыларымен кездесулер ұйымдасырылады.

Сонымен қатар, шара барысында 800 және 1200 метр қашықтыққа жүгіру, «Олимпиада жарыстары» атты асфальтқа сурет салу, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында сайыстар өткізіледі.

Бүгінгі таңда әлем бойынша 200-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеті жыл сайын осы күнді атап өтеді. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау.

Еске сала кетейік, 1894 жылы 23 маусымда Пьер де Кубертен мен оның жақтастары қазіргі заманғы олимпиада қозғалысын қайта қалпына келтіріп, Халықаралық Олимпиада комитетін құрған. Бірінші Дүниежүзілік Олимпиада күні 1948 жылы 23 маусымда аталып өтті. Оған 9 елдің Ұлттық Олимпиада комитеті қатысты.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или