Басқа

Талдықорған триатлоннан республикалық турнирді қабылдайды

news-banner7
mobile-news-top

21-22 мамырда Талдықорғанда алғаш рет республикалық деңгейдегі тарихи турнир өтеді. Бұл күндері Жетісу облысының орталығында 150 астам кәсіби және әуесқой спортшылар жиналады.

Бірінші сайыс күні алаңға Elite, U23, U19 және U17 санатындағы спортшылар шығады. Олар триатлоннан ҚР Ашық кубогының екінші кезеңі аясында рейтингтік ұпайлар үшін сайысқа түспек. Одан кейін нашар көретін спортшылар арасында алғашқы паратриатлон чемпионаты өтеді. Олар 750 м жүзу, 20 км велодода мен 5 км жүгіруден тұратын спринт қашықтығын бағындырады.

Екінші күні Pro және Age Group санатындағы спортшылар TEMIRADAM Кубогының ІІ кезеңінде бақ сынайды. Олар алғаш рет «пирамида» қашықтығында сайысады: 2 км жүгіру, 8 км вело, 300 м жүзу, 8 км вело мен 2 км жүгіру.

Түпнұсқасы: triathlon.org.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер