Әлем чемпионатына IBA құрамасы сапында жұдырықтасқан қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте бағын сынайды
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас алдағы уақытқа жоспарын айтты.
Бұл туралы боксшы Instagram-парақшасында хабарлады. Ол оқырманының сұрағына жақын арада кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізетінін айтты.
Айта кетейік, Ангелина Лукас Түркиядағы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында IBA ұйымының («босқындар») сапында жұдырықтасып, алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық Каролин де Алмейдадан жеңіліс тапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или