Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмай қалды

Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмай қалды

Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. <br /><br />Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге жартылай финалда америкалық Джон Изнер – тағы бір аргентиналық Диего Шварцманмен күш сынасты.

Бірінші партияда америкалық-аргентиналық жұп бір брейкпен басымдылық танытты – 6:4. Екіншісінде А.Голубев пен М.Гонсалес дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4. Супер тай-брейкте Д.Изнер мен Д.Шварцман жеңіске жетті – 11:9.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или