Әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатының жетінші күнінің тікелей трансляциясы

Әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатының жетінші күнінің тікелей трансляциясы

15 мамырда Ыстамбұлдағы бокстан әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатында алты салмақ дәрежесінде 1/8 финалдық жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке Қазақстанның екі өкілі шығады. 52 келіге дейінгі салмақта Жайна Шекербекова жапондық Ринка Киношитамен ширек финалға шығу үшін шеберлік сынасады, ал 54 келі салмақта Дина Жолмаман канадалық Скарлетт Делгадомен жұдырықтасады.

Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияға қазақстандық спортшылар қатыспайды.

Qazsport телеарнасы Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарыстың жетінші күніндегі жекпе-жектерді көрсетеді (кешкі сессияның трансляциясы Франция-Қазақстан хоккей матчы аяқталғаннан кейін басталады). Трансляция ОСЫ СІЛТЕМЕ арқалы қолжетімді болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или