Жамбыл Көкеев: «Айып соққысын орындауды күттім»

Жамбыл Көкеев: «Айып соққысын орындауды күттім»

Алматылық клубтың жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев «Қайрат» және «Тараз» арасындағы матчтан соң «PROСПОРТ» тілшісіне ойыннан алған әсерімен бөлісті.

- Біраз үзілістен кейін алаңға қайта оралдың және керемет голдың авторы атандың. Қандай сезімдесің?

- Мен жарақатыма байланысты біраз ойындарға қатыса алмадым. Бүгін алаңға қайта оралып, тамаша гол соғуға мүмкіндік алғаным үшін өте қатты қуаныштымын. Бүгін маған сенім артқан достарыма және осы уақытқа дейін қолдау танытқан барша жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Қайта оралуым қуанышпен басталды.

- Владимир Вайсс баспасөз мәслихатында сенің жаттығу жұмыстарында айып соққыларын орындаумен айналысып жүргеніңді айтты. Сол себепті оны орындауға сені лайық деп тапқан екен. Бұл рас па?

- Шынымды айтсам, айып соққысын орындауды күттім. Бұрын өнер көрсеткен клубтарымда стандарттық жағдайларды орындайтынмын және оның біразы голмен аяқталатын. Неліктен екенін білмеймін, бірақ бүгін айып соққысын орындау бақыты маған бұйырыпты. Егер де таблодағы есеп басқаша болғанда, мен бұл нүктеге бәлкім жақындамас па едім.

- Алдағы уақытта Жамбыл Көкеевтен нені күтеміз?

- Мен енді қайта қалпыма келу үшін өзіммен және командаммен біраз жұмыс жасаймын. Қазір толықтай жиналдым деп айта аламын. Ауыр жарақаттан соң алаңға қайта оралу өте қиын. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или