Дэвис кубогында Қазақстан теннисшілерінің қай күндері ойнайтыны анықталды

Дэвис кубогында Қазақстан теннисшілерінің қай күндері ойнайтыны анықталды

Дэвис кубогының топтық кезеңінде теннистен Қазақстан құрамасының қай күндері ойнайтыны белгілі болды.

Дэвис кубогының ұйымдастырушылары мәлім еткеніндей, барлық топтағы матчтар биылғы қыркүйек айында өтеді.

Қазақстан құрамасы Глазго (Шотландия) қаласында өз ойындарын D тобында өткізеді. Қазақстандық теннисшілер 13 қыркүйек күні Нидерланды құрамасымен кездеседі.

Содан кейін 15-інде АҚШ командасымен шеберлік байқасады. 18-інде корт иелері – Ұлыбританиямен күш сынасады.

Сондай-ақ топтық бәсекелер Болонья (Италия), Валенсия (Испания) және Гамбург (Германия) қалаларында өтеді.

Әр топтан екі үздік құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады. Плей-офф бәсекелері Испанияның Малага қаласында 21-27 қараша күндері болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или