Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Шымкент турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық Денис Евсеев Шымкент Challenger 80 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемнің 337-ракеткасы Евсеев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 416-орында тұрған үндістандық Сасикумар Мукундпен өткізді. Қазақстандық теннисші 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 38 минутқа созылды.
Денис 3 эйспен бірге 20 брейк-пойнттың алтауын пайдалана алды. Қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті. Д. Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскиймен таласады. Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер жарыс жолынан шығып қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или