Тимоти Брэдли: «Головкин – жарық жұлдыз»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Америкалық боксшы Тимоти Брэдли WBA, WBC және IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді үздік санайды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
</p>
<p style="text-align: justify;">
Геннадий Головкиннің «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі тобында Тимоти Брэдли былай дейді: «Мейвезердің орнын ешкім баса алмайды. Өз орнын қалыптастырып келе жатқан боксшылар жетеді, олар тарихқа өз есімдерін жазып кетер, бірақ «Жаңа Флойд» атанады деп ойламаймын. Мәселен, қарқыны өте күшті GGG осының айғағы. Ол қарсыластарының барлығын нокаудқа түсіруде және өз бабында екені анық. Мен оның салмағында Головкинді құлата алатын адамды көріп тұрғам жоқ. Ол – керемет жарық жұлдыз».</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или