Роберт Гарсия: «Головкин тылсым күшке ие»

Роберт Гарсия: «Головкин тылсым күшке ие»

Белгілі бапкер Роберт Гарсия WBA, WBC және IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге өз бағасын берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Tofight.ru сайтында Гарсия былай дейді: «Менде Головкиннің жойқын күшін сезінетіндей мүмкіндік болмады, бірақ оның қарсыласына бағыттаған әрбір соққысының дыбысы ринг сыртына дейін естілердей көрінді. Ол соққы бағыттаған сайын, сіз оны сезінгендей боласыз. Ол тылсым күшке ие».

Сонымен қатар, Гарсия Головкинмен алдағы уақытта шығып қалуы әбден мүмкін қарсыластары жайында айта кетті:

«Коттомен кездесу өткізілсе керемет жекпе-жек болар еді. Мигель өте тәжірибелі және ақылды боксшы, бірақ ол келіспейтін секілді. Ал Канело болса алдағы уақыттарда келісе жатар. Андре Уордқа тоқталар болсақ, ол Головкинге біршама қарсылық танытар еді. Ол өте ақылды, сондықтан жеңіп кетуі де ғажап емес. Болашақта осы жекпе-жек міндетті түрде өтеді», - дейді Роберт Гарсия.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или