Әйелдер боксынан әлем чемпионаты: Шекербекова мен Ибрагимова жарысты сәтті бастады

Әйелдер боксынан әлем чемпионаты: Шекербекова мен Ибрагимова жарысты сәтті бастады

Қазақстандық спортшылар бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті жалғастыруда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем біріншілігінің күндізгі сессиясында 52 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Жайна Шекербекова сынға түсті. Оның аталған бәсекедегі алғашқы қарсыласы пуэрторикалық Мелоди Варгас болды. Ал 57 келіде Карина Ибрагимова Румыния спортшысы Клаудия Нечитамен қолғап түйістірді. 

Қазақстандық қос атлет те алғашқы айналымдағы қарсыластарын ұтты. Әрі қарай Жайна Шекербекова 1/8 финалда жапониялық, ал Ибрагимова испаниялық спортшымен кездсеседі. 

Айта кетерлігі, әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 20 мамырға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или