Қамшыбек Қоңқабаев келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Қамшыбек Қоңқабаев келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов LifeSport Kz Youtube-арнасына берген сұхбатында кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегінен кейін Қамшыбек Қоңқабаевтың командаға қосылатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>«Қамшыбек 6 ​​немесе 2 шілдеде жұдырықтасады (еск. - кәсіпқой ретінде) және ұлттық құрамаға қосылады. Азия ойындары аяқталғанша осында болады», – деді бапкер.</span>

Еске салайық, Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі кейінгі жекпе-жегін 25 наурызда Алматыда өткізген. Қоңқабаев өзбекстандық Фаррух Джураевты (6-6-1, 2 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

<span></span>

<span>Фото instagram.com/kamshybek_kunkabayev</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или