Қыздар арасындағы әлем чемпионатының тікелей трансляциясы
Бүгін Түркияның Ыстамбұл қаласында бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп жазады Prosports.kz.
Бірінші жарыс күні турнирде 70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан өкілі Валентина Хальзова өнер көрсетеді. Отандасымыз кениялық Лорна Куса Симбимен кездеседі.
Жекпе-жек кешкі сессияда өтеді. Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или