ATP рейтингісі: Қазақстанның бірінші ракеткасы сегіз саты төмендеді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңа рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Үздік үштік өзгеріссіз қалды: Новак Джокович (Сербия), Даниил Медведев (Ресей), Александр Зверев (Германия).
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик сегіз саты төмендеп, 41-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин екі позицияға көтеріліп, 163-қатарға жайғасты. Дмитрий Попко 12 қатар төмендеді – 182-орын.
Жұптық рейтингте британиялық <span>Джо Сэлисбери</span> көш бастады, екінші орында америкалық Раджив Рам және үшінші орында француз Никола Маю тұр.
Қазақстан өкілі Андрей Голубев рейтингтегі орнын өзгерткен жоқ – 25-орын. Ал Александр Недовесов – 60, Бублик 66-қатарға жайғасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или