Қазақстандық жас теннисші Душанбедегі турнирдің абсолютті чемпионы атанды
Қазақстандық Даниил Фелькер Тәжікстан астанасы Душанбеде 18 жасқа дейінгілер арасында өткен төртінші санаттағы ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды.
Алматылық, 17 жастағы Д.Фелькер жекелей сында финалда 14-тегі тағы бір қазақстандық Әмір Омархановпен кездесті.
Тартысты өткен бәсекеде Даниил Қарағанды қаласының түлегін 6:2, 0:6, 6:2 есебімен ұтты. Д.Фелькер жұптық сында алматылық Олег Гусаковпен бірге соңғы матчта ақтөбелік Артур Хайрутдинов – қызылордалық Ерасыл Ерділданы 6:4, 2:6, 10:8 есебімен жеңді.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласында Азия теннис федерациясы аясында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы жарыс аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или