Амир Хан: «Альварестің Головкинді жеңетініне күмәнім жоқ»

Амир Хан: «Альварестің Головкинді жеңетініне күмәнім жоқ»

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесіп жатса, жеңуі әбден мүмкін. Мұндай пікірді алғашқы жартылай орта салмақтағы британиялық боксшы Амир Хан білдірді.

17 мамыр күні Головкин мен Монроның жекпе-жегін тамашалаған Амир Хан осындай пікірге келіп отыр.

«Форум» аренада өткен кездесуді НВО арнасынан тамашаладым. Меніңше, Канело Головкиннен әлдеқайда мықты. Мексикалық боксшының GGG-ді ұтатынына күмәнім жоқ. Оскар Де Ла Хойя бұл жекпе-жекті міндетті түрде ұйымдастыруы керек. Головкиннің мықты боксшы екені даусыз, алайда, оның кемшіліктері көп екеніне көзім жетті», - дейді Амир Хан

Айта кету керек, Головкин Монроны жеңгеннен кейін келесі жекпе-жекте кездескісі келетін боксшылардың есімдерін атады, олардың арасында Альварес те бар. Мексикалық боксшы да отандасымыздың бұл шақыруына көп кешіктірмей, жауап берді. Ол өзінің Твиттердегі парақшасында Головкинмен кездесуге қарсы емес екенін жазды.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или