Сурдлимпиада ойындарында дзюдошы Әділбек Нұрмұхамед күміс иеленді
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында Сурдлимпиада ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы бәсекеде дзюдошыларымыз жүлдеге ілікті. Әсіресе, 60 келіге дейінгілер арасында Әділбек Нұрмұхамед финалға дейін жетіп, соңғы сында ғана есе жіберді.
Соның арқасында ұлттық құрама қоржынына алғашқы күміс түсті. Артынша орта салмақтағы Шаяхмет Қанапиянов қола жүлдеге қол созды. Жігіттердің жеңіс жолын қыздар жалғады. 48 келіде Фериде Қараоглы мен 52 келідегі Дина Иржанова үздік үштікті түйіндесе, Эвелина Егембердиева жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, дүниежүзілік додаға 65 спортшымыз аттанды. Олар 9 спорт түрі бойынша бақтарын сынайды. Жарыстың жалпы қорытындысы 15 мамырда белгілі болады.