«Кім фаворит?». Бұрынғы әлем чемпионы «Канелоны» қалай жеңуге кеңес берді

«Кім фаворит?». Бұрынғы әлем чемпионы «Канелоны» қалай жеңуге кеңес берді

Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Тимоти Брэдли Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жектің фавориті туралы айтып, ресейлікке мексикалықты жеңу үшін кеңес берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

«Кім фаворит? Мен «Канело» деп айтуым керек. Өткенде Биволдың мүмкіндігі бар екенін айттым және ол шынымен де бар, бірақ ол арқаннан аулақ болуы керек. Егер ол жекпе-жекті рингтің ортасында өткізсе, онда «Канелоны» жеңуге шынымен жақсы мүмкіндігі бар, өйткені ол жылдам, ол күшті және «Канело» қолданатын блокқа қарсы қалай жұдырықтасуды түсінеді.

Бивол қолғап арасынан ұруды ұнатады, ол «Канело» блогының қолғаптарының арасына соққы жасай алады, сонымен қатар оны бүйірден айналып өте алады. Ал аяқпен жақсы жұмыс істеу, қашықтықты қысқарту «Канелоны» таңғалдыруы мүмкін», - деп қосты Брэдли. «Бірақ ол арқаннан аулақ болуы керек. Егер ол арқаннан аулақ бола алмаса, бұл Бивол үшін нокаутқа айналуы мүмкін. Менің ойымша, бұл жекпе-жекте ол үшін ең қауіптісі - арқанға жақын болу», - деді Брэдли.

Жекпе-жек 7 мамырда өтеді. Боксшылар Биволдың чемпиондық белбеуін сарапқа салады, ресейлік боксшы титулын үшінші рет қорғайын деп тұр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или