Жәнібек Әлімханұлы жағажайдағы жаттығуының видеосын жариялады

Жәнібек Әлімханұлы жағажайдағы жаттығуының видеосын жариялады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында бос тұрған WBO уақытша титулы үшін жекпе-жек алдындағы жаттығуын жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 мамырда ол Лас-Вегаста британдық Дэнни Дигнуммен жекпе-жекте рингке шығады. Бұл екі қарсылас үшін де әлем чемпионы атағы үшін алғашқы жекпе-жек болмақ – Әлімханұлының рекордында WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері ғана бар, ал Дигнум WBO Еуропа құрлықтық титулын жеңіп алды.

Жәнібек командасының Instagram желісінде жағажайда дене шынықтыру жаттығуын жасап жатқан видео пайда болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или