Ел чемпионатының 13-турының өту күндері өзгертілді
Ел чемпионатының 13-турының өту күндері өзгертілді. Матчтар 25-26 мамыр күні өтуі керек еді.
Қазақстан Ұлттық құрамасының UEFA Ұлттар лигасының ойындарына даярлығын ұзартуына байланысты Қазақстан футбол федерациясының ұсынысын назарға ала отырып, «2022 жылға футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасының OLIMPBET-Чемпионаты Регламентінің» 5.17.5-тармағына сәйкес Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі жарыстың 13-тур ойындарын өткізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Аталмыш тур 2022 жылдың 20-21 тамызына ауыстырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или