Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы темір торға тоғытылды

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы темір торға тоғытылды

Теннистен әлемнің бұрынғы экс-көшбасшысы Борис Беккер қарыздарын өтеуден құтылу үшін 2,5 миллион фунт стерлинг тұратын активтері мен несиелерін жасырғаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беккерді қазылар алқасы Британдық төлем қабілетсіздігі туралы заңға сәйкес төрт бап бойынша кінәлі деп тапты. 54 жастағы неміс 20 бап бойынша ақталды.

Іс 2017 жылдың маусымында Беккердің Мальоркадағы сәнді мүлкі үшін 3 миллион фунт стерлингтен астам төленбеген несиеге байланысты банкроттыққа қатысты болды.

Қазы «Үлкен дулыға» алты турнирінің жеңімпазы өкінбегенін және кінәсін мойындамағанын айтты, деп хабарлайды BBC.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или