Айдар Махметов Монакода джиу-джитуден жеңімпаз атанды

Айдар Махметов Монакода джиу-джитуден жеңімпаз атанды

Елімізге танымал спорт қайраткері Айдар Махметов кеше NAGA (North American Grappling Association) тұжырымы бойынша джиу-джитсуден халықаралық «Monaco Open» турнирінде жеңімпаз атанды.

NAGA – грепплинг пен джиу-джитсуден әлемдегі ең ірі әрі беделді лига. Мұнда жүрегінің түгі бар жігіттер айқасады. Айдар Махметов "Monaco Open" турнирінде 79,5 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, ересектер арасында бірінші орынға ие болды. Ол жартылай финалда қарулы француз спортшысын тез ұтып, финалда Италия үмітін қылқындыру әдісімен жеңді.

Финалдан кейін қазақтың талантты спортшысы һәм қайраткері өзінің осы турнирге жан-жақты дайындалуына көмектескен бапкерлері мен серіктестеріне алғыс жолдады.

«Алаш айнасы» интернет-порталы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или