Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Дели (Үндістан) қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық ширек финалда Гонконг құрамасымен күш сынасты. Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті Дамир Жалғасбай әперді.
Ол қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін команда көшбасшысы Заңғар Нұрланұлына кезек келді – 6:4, 6:1.
Ертең Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) жартылай финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі. Оңтүстіккореялықтар тартысты матчта Үндістанды 2:1 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или