Головкиннің келесі қарсыласы Сауль Альварес болуы мүмкін

Головкиннің келесі қарсыласы Сауль Альварес болуы мүмкін

Кәсіпқой бокстан алғашқы орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 24 жастағы Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен (33-0, 20 КО) жұдырықтасуға келісімін берді. Қазақстандық боксшы бүгін 33-ші жеңісіне қол жеткізіп, нокаут есебінен "темір" Тайсонның өзін басып озды. Жерлесіміз соңғы 20 жекпе-жегінде қарсыластарын уақытынан бұрын жеңген.

Естеріңізге салайық, бүгін таңертең Геннадий Головкин Калифорния штатында өзінің кезекті кездесуін америкалық боксшы кіші Вилли Монромен өткізіп, қарсыласын алтыншы раундта нокаутпен жеңді.

Осы жекпе-жектен кейін жерлесіміз келесі ойынын Альвареспен өткізгісі келетінін айтқан болатын. Көп күттірмей мексикалық экс-чемпион да өз жауабын айтты. Өзінің Твиттер парақшасында ол "Иә, сайтан алғыр, мен дайынмын" деп жазған.

Сондай-ақ, ол Головкиннің бүгінгі жекпе-жегі таң қалдырмағанын да айтты.

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или