Вилли Монро: Головкин ойындағысын іске асырды

Америкалық Вилли Монро қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жек туралы ойымен бөлісті.

«Головкин шынымен де мықты боксшы екен. Ол ойындағысын іске асырды. Головкин – ешқандай айқын осалдығы жоқ мықты боксшы», - деді Монро.

Сондай-ақ, америкалық спортшы: «Головкин – әрине, мықты. Дегенмен мені одан да қатты ұрған. Бірақ ол – ең дәл соғатын боксшы, барлық айырмашылық осында», - деп ойын толықтырды.

Ресми мәліметке сәйкес, «Форум» аренасында өткен Геннадий Головкин мен Вилли Монро арасындағы жекпе-жекті көруге 12 372 көрермен келген.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберді. Бұл 33 жастағы чемпионның 33-ші жеңісі. АҚШ-тың Калифорния штаты Инглвуд қаласындағы «Форум» стадионында өткен бокс кеші қазақстандық үйренген стильде өтті. 28 жастағы америкалық боксшы екінші раундта шаршы алаңда құлады, бірнеше секундтан кейін Геннадий оны екінші рет нокдаунға түсірді. Жекпе-жек алтыншы раундта аяқталды. Геннадий әлсіреп қалған қарсыласын нокаутқа жіберді. Гонгқа 45 секунд қалғанда рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Бұл қазақстандық боксшының 33 кәсіби жекпе-жегіндегі 33-ші жеңісі және 30-шы рет шаршы алаңнан мерзімінен бұрын жеңіспен кетуі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или