Сурдлимпиадада Қазақстан туын таеквондошы Аян Әбдіраш ұстайды

Сурдлимпиадада Қазақстан туын таеквондошы Аян Әбдіраш ұстайды

Бразилияда өтетін XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан туын таеквондошы Аян Әбдіраш ұстайды.

<span class="s1">Қазақстанның туын көтеру құрметіне Самсунда (Түркия) өткен 23-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының және көптеген халықаралық турнирдің жүлдегері таеквондошы Аян Әбдіраш ие болды.</span>

<span class="s1">Қазақстан командасында 57 спортшы, 28 жаттықтырушы мен спорт төрешілері бар.</span>

<span class="s1">Спортшылар еркін күрес, грек-рим күресі, таеквондо, карате, үстел теннисі, дзюдо, жеңіл атлетика және жүзу сынды 8 спорт түрінен сайысқа түседі. Ойындарға барлығы 100 елден 4 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда, спорттың 20 түрі бойынша 200-ге жуық медаль жиынтығы ойнатылады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или