Боб Арум: Қазақ жігіттері Американы тәнті етеді
Қазақ жігіттері алдағы бірер айда Американы тәнті етеді. Осы сәтті тағатсыздана күтіп жүрміз деді Боб Арум.
<span>«Топ Ранк» промоутерлік компаниясының президенті қазақстандық боксшылармен кездесіп, жылы лебізін білдірді. Алдағы жоспарларымен бөлісті.</span>
<span> Басқосуға Қанат Орақбаев баптайтын Бек Нұрмағамбет пен Евгений Павлов және жуырда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл қатысып, пікір алмасты. Айтпақшы дәл осы жігіттер мамыр айында Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек кешіне қатысып қалуы да мүмкін. Нақты ақпарат жақын күндері шығады.</span>
<span>Айта кетейік, Сүлеймен Промоушн қанатының асындағы боксшылар жуырда ғана Сауль Альвареспен бірлескен жаттығу жиынын өткізді және Америка төрінде кезекті кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр. <br /></span>