Қазақстан құрамасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізіп жатыр
Бокстан Қазақстан ерлер құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Былғары қолғап шеберлері 24 сәуір күні Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" спорт базасында жаттығуды бастады. Аталған оқу-жаттығу жиыны Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнирге дайындық болып саналады.
Айта кетерлігі, жаттығу жиыны 10 мамырға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или