Альварес Мейуэзермен жұдырықтаспақ

WBC және WBA тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль Альварес келесі кездесуін WBA, WBC және WBO тұжырымдары бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Флойд Мейуезер-кішімен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл кездесу биылғы жылдың қыркүйегінде өтуі әбден мүмкін. Естеріңізге салсақ, америкалық боксшы Альваресті 2013 жылы жеңген болатын.

«Ол тағы бір кездесуді жоспарлап отыр, сондықтан онымен тағы бір рет жұдырықтасқым келеді. Бұл керемет болар еді. Маркос Майданамен екі кездесу өткізді ғой ол. Маған да неге болмасқа? Мен қазір күшея түстім, көп нәрсені үйрендім. Онымен қыркүйекте кездессем, жақсы болар еді. Үздіктермен жұдырықтасқым келетінін бірнеше рет айтқанмын. Ешкімнен қорықпаймын. Маған маңыздысы – чемпиондық белбеуді қайтару», - деді Альварес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или