Батырбек Есдәулетов: Бізді халықаралық жарыстар сериясы күтіп тұр
Таеквондодан Қазақстан құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында ұлттық құрама сапындағы 15 спортшы алдағы халықаралық турнирлерге тыңғылықты жаттығуда
«Бізді халықаралық жарыстар сериясы күтіп тұр, олардың арасында рейтингілік мамырда өтетін Austrian Open додасы, маусымда жалауы желбірейтін Италиядағы Гран-при және Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионаты бар. Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр, спортшылар күніне екі реттен жаттығу жасайды. Таеквондошылардың көңіл күйі жақсы», – дейді құраманың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов.
Айта кетерлігі, оқу-жаттығу жиыны 28 сәуірге дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или