Шымкентте стэнд атудан жазғы спартакиада басталды

Шымкентте стэнд атудан жазғы спартакиада басталды

Шымкентте стэнд атудан Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасы басталды.

Дүбірлі жарыста еліміздің ең үздік сұрмергендері 125 оқтың жүзін дәл тигізу үшін нысанаға оқ атады. Сайыс скит, трап, дубль-трап сынды үш санатта өтеді. Оксана Середа – Шымқаланы шартарапқа таныту үшін 15 мемлекетте халықаралық жарысқа қатысып, елге жүлдесіз оралмаған. Азия ойындарының жеңімпазы. Жат елде жүріп халықаралық спорт шебері деген құрметке де ие болған. Енді жиған тәжірибесін жастарға үйретіп, облысымызда стэнд ату спортының дамуына үлес қосып, ең үздік сұрмергендерді іріктеу үшін арнайы жарыс ұйымдастырып отыр.

Оксана Середа, халықаралық спорт шебері: Біздің облысымыз Республика бойынша стэнд атудан спортшыларды дайындайтын негізгі орталыққа айналып отыр. Себебі. бұл спорт түрін дамытуға барлық жағдай жасалған. Енді спортшыларымыздың алдында тек жоғары нәтиже көрсету міндеті тұр.

Асан Әуесханов, «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» директорының орынбасары: Біз 14 жастан бастап балаларды дайындап жатырмыз. Себебі. суық қаруды ұстап, оқ ату олардан жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан әрдайым бақылап отырамыз.

Еліміздің 8 облысынан 100-ге жуық оқ атушы бақ сынап жатқан жарыста алғашқы күннің қорытындысы бойынша Астана мен Алматының мергендері жоғары ұпайға қол жеткізді. Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы мамандарының айтуынша, бұл жарыс 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына дайындық. Сондықтан, төрешілер спортшылардың шеберлігін шыңдап, жоғары дәрежелі сұрмергендерді анықтау үшін үздіксіз дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Bnews.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или