Қонақтағы жеңіс

Қонақтағы жеңіс

Ел чемпионатының 12-ші турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, жеңіліске ұшырады деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы тайм алаң иелерінің шабуылымен басталды. 5-ші минутта Бауыржан Исламханнан пас алған Аслан Дарабаев оң қапталдан доп асырған болатын, бірақ нәтижесіз аяқталды. Арада 5 минут уақыт өткенде Исаэль Стас Покатилов қорғаған қақпаға соққы бағыттады, алайда доп қорғаушылардан кері қайтты.

15-ші минутта Исаэль ақтөбеліктердің қорғанысын бұзып жарып, екі мәрте соққы бағыттады. Алайда, доп қақпадан сәл биік кетті.

28-ші минутта ақтөбеліктер алаң иелерінен допты тартып алып, қарымта шабуылға шықты. Маркос Пиззеллидің айып алаңынан ассырған пасына командаластары нүкте қоя алмады, «Қайрат» қорғаушылары мықтылық танытты.

Ойын тізгінін қайта қолдарына алған алаң иелері 38-ші минутта тағы бір қауіпті сәтті ұйымдастырды. Шабуылдың нүктесін қоюға Жерар Гоу тамаша мүмкіндік алды. Бірақ бағыттаған соққысын Андерсон Сантана сәтті қайтарып, алматылықтардың есепте алға шығуларына мүмкіндік бермеді.

Ойынның екінші бөлігі қос команданың алма-кезек шабуылдарымен бастау алды. 53-ші минутта Гоу Покатиловты ойынға араластырды. Бағыттаған соққыны ақтөбелік қақпашы өз еркіне оңай бағындырды.

Ойынға тыңнан қосылған бразилиялық жартылай қорғаушы Сержиньо командасының қарқынын күшейтті. 57-ші минутта Гоудың сол қапталдан асырған пасына аяғын тосып үлгергенімен, доп қақпадан қиыс кетті.

66-шы минутта алматылық команданың жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат алыстан соққы бағыттап, өз бағын сынап көрді. Бір қарағанда голмен аяқталардай көрінгенімен, қақпадан сәл ғана қисық кетті

Таблодағы есеп ойынның 68-ші минутында өзгерді. Маркос Пиззеллиден тамаша пас алған Сергей Хижниченко есепті ашып, командасын алға шығарды.

Арада 5 минут уақыт өткенде, Антонов есепті еселеп, ақтөбеліктердің басымдылығын ұлғайтты. Бағытталған допты өз уысынан шығарып алған Плотников қарсылас команданы жеңіске бір табан жақындатты.

Ойынның аяқталуына аз ғана уақыт қалған тұста техникалық ақауларға байланысты стадионның жарық беру аппараттары сөніп қалып, ойын уақытша тоқтап қалды. Нәтижесінде төреші кездесуге қосымша 13 минут уақыт қосты. Алматыда қарқыны күші дауыл соғып, біршама құрылғыларды істен шығарды. Дегенмен, мұның өзі алаңдағы ойыншыларға кедергі жасамады.

Ойынға қосылған қосымша уақытта қонақ команданың қақпасына пенальти белгіленді. Соққыны Исламхан орындады, алайда Покатилов бұл жерде мықтылық танытты. Матч аяқталар тұста алматылықтардың ивуарлық шабуылшысы Жерар Гоу есепті қысқартты.

Ақтөбеліктер осы жеңістері арқылы турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал «Қайрат» өз кезегінде, батысқазақстандық клубқа қарсы ойында түк істей алмады.

«Қайрат» – «Ақтөбе» 1:2 (0:0)

Голдар: Хижниченко 68 (0:1), Антонов 74 (0:2), Гоу 90+ (1:2)

«Қайрат»: Плотников, Қуантаев (Риера 72), Рудосельский, Қуат (Сисей 77), Плиев, Гурман, Бакаев, Исламхан, Исаэль, Дарабаев (Сержиньо 57), Гоу

«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Жулпа, Мирошниченко, Хайруллин (Дмитренко 80), Тағыберген, Логвиненко, Пиззелли (Антонов 69), Сантана, Әйімбетов, Данило (Хижниченко 55)

Төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды), Семен Журавлев (Палодар), Анатолий Ходин (Атырау), Виктор Антонов (Павлодар)

Қосымша төреші: Самат Тергеусізов (Алматы)

Инспектор: Сергей Кенетаев (Астана)

Ескертулер: Жулпа 22, Плиев 45, Қуат 45, Мирошниченко 45, Сантана 45, Бакаев 83

16.05.2015. Алматы, «Орталық стадион».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или