Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық Жібек Құламбаева Шымкентте ITF сериясы бойынша өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты.
<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, әлемнің 489-ракеткасы Ж.Құламбаева жекелей сында екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 1142-орында тұрған ресейлік Мария Крупенинамен кездесті. </span>
<span>Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ж.Құламбаева жұптық сында осы жарыстың жартылай финалына да өтті.</span>
<span> Ол ресейлік Анастасич Сухотинамен бірге ширек финалда ресейлік Елизавета Шебекина – белоруссиялық Ксения Ерштан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. </span>
<span>Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев Тунисте өтіп жатқан ITF M15 жарысының ширек финалына шықты. Ол екінші айналымда франциялық Мартин Брейсахты жолдан тайдырды – 6:4, 4:6, 6:3.</span>