«Шахтердің» жаңа директоры тағайындалды

Бүгін, мамырдың 15-і күні қарағандылық «Шахтердің» ойыншыларына клубтың жаңа атқарушы директоры болып тағайындалған Сергей Викторович Егоров таныстырылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл маман қарағандылық жанкүйерлерге таныс. 42 жастағы Сергей Егоров футболдағы мәнсабын теміртаулық «Болаттың» сапында жүріп бастаған. Содан соң нәтижелі шабуылшыны қарағандылық «Шахтер» өз қатарына қосады. Мұнда ол қатарынан алты маусым өнер көрсетті. Егоров Қазақстанның Олимпиадалық құрамына шақырту алып жүрді. Аталған клубтардан басқа, калининградтік «Балтика», түмендік «Газовик», «Анжи» Махачкала командаларында доп тепті. Соңғы жылдары Сергей Викторович Калининградта спорттық директор қызметін атқарды.

Таныстырылымнан соң, Егоров командасымен бірге Шымкентке аттанды. 16-шы мамыр күні Қазақстан Премьер-Лига ойындарының 12-ші турында «Ордабасыға» қарсы матч өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или