Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде 100 күн бойы көш бастап келеді

Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде 100 күн бойы көш бастап келеді

Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 жасар Заңғар Нұрланұлы 100 күн бойы көш бастап келеді. Қазіргі кезде Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 520 ұпай бар. Сондай-ақ Қазақстаннан Дамир Жалғасбай (43-орын) мен Даниэль Тазабеков (62-орын) үздік жүз теннисшінің қатарына кірді.

Жуырда З.Нұрланұлы Д.Жалғасбай және Д.Тазабековпен бірге Үндістанның Нью-Дели қаласына келді. Онда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 25 сәуірден бастап 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының Азия/Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турниріне қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или