Чудинов Головкинмен жұдырықтасуға дайын емес

Чудинов Головкинмен жұдырықтасуға дайын емес

WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы ресейлік чемпион Федор Чудинов Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын емес екендігін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Boxingnews.com сайтында Чудинов былай дейді: «Білесіздер ме, менде ешқандай да қорқыныш сезімі мен алаңдаушылық жоқ, бірақ мұндай деңгейдегі боксшымен жұдырықтасуға маған әлі ерте. Оның үстіне салмақтың да айырмашылығы рөл атқарады, салмақ ауыстыру маған тиімсіз. Головкин – өте жоғары деңгейдегі қарсылас. Ең алдымен, өз салмақ көрсеткішіміз бойынша айналысқанымыз жөн, содан кейін барып басқасын ойлай жатармыз.

Егер де Головкинмен жұдырықтасуға тура келсе, қуана-қуана шығар едім. Жекпе-жектің қалай аяқталарын айта алмаймын, себебі Гена тәжірибелі және мықты боксшы болуымен қатар, өте қауіпті қарсылас. Бірақ қазір бұл жайында ойлап жүргенім жоқ. Ол өзінің салмағындағы барлық қарсыластарын жеңсе және мен де өз кезегімде солай етсем, сонда ғана бұл жекпе-жек жайында ойлануға болады».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или