Лев Скворцов: Жанкүйерлердің арқасында стадионда атмосфера керемет болды

Лев Скворцов: Жанкүйерлердің арқасында стадионда атмосфера керемет болды

«Тұран» ФК ойыншысы Лев Скворцов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында футболдан Қазақстан чемпионатының 6-туры аясында өткен «Ордабасыға» қарсы матч туралы пікір білдірді.

- Лев, матчты ширақ бастадық. Бірақ ойын осындай нәтижемен аяқталады деп ойладың ба?
- Иә, бірінші минуттан-ақ жылдам ойнап, қиын өрбіді. Әрине, осынша гол соғатын мүмкіндік бола тұра осындай нәтижемен аяқталады деп ойламадым. 

- Қарсыласты жеңе алмауымыздың себебі неде?
- Матч нәтижесі ең алдымен бізге байланысты болды деп ойлаймын. Өте көп мүмкіндікті қолдана алмаған соң нәтиже осылай болды. Матчтың соңына дейін жігіттер жеңіске жеткісі келіп, көп шабуылдады. Бірақ сол көп мүмкіндікті қолдана алмадық.

- Жанкүйерлерге айтарыңыз бар ма?
- Әрине, матч бойы тоқтамай қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді! Олар бізге жігер беріп отырды. Жанкүйерлердің арқасында стадионда атмосфера керемет болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или