Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу турнирін жеңіспен бастады
<span>Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатына Азия/Тынық мұхит аймағынан іріктеу турнирі басталды. </span>
<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар D тобында алғашқы матчында Непал құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. </span>
<span>Сәтима Төреген Адия Подиалға бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0, 6:0. Ариана Гогулина Сунира Тапаға еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:1, 6:1. Жұптық сында Ева Корышева мен Сәтима Төреген де қарсыластарын бет қаратпай жеңді - 6:1, 6:0.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или