Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирдің чемпионы атанды
<span>Таиландтағы ITF W25 Chiang Rai 2 турнирінде жұптық сында өнер көрсеткен қазақстандық Гөзал Айнитдинова чемпион атанды. </span>
<span>Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Г.Айнитдинова ресейлік Мария Тимофеевамен бірге төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Қазақстандық-ресейлік жұп финалда жапониялық Момоко Кобори – таиландтық Луксика Кумхуммен бас жүлдені сарапқа салды. </span>
<span>Бірінші партияда жапониялық-таиландтық жұп 6:2 есебімен басым түссе, екіншісінде Айнитдинова мен Тимофеева есе қайырды – 7:5. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:4. Г.Айнитдинова осы додада жекелей сында ширек финалға дейін жетті. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или