Юлия Путинцева Германиямен матчта Қазақстанды алға шығарды

Юлия Путинцева Германиямен матчта Қазақстанды алға шығарды

Ұлттық теннис орталығында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан – Германия матчы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен кортқа Юлия Путинцева мен Анжелика Кербер шықты.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш мәрте жеңімпазы А.Кербер қазіргі кезде 17-орында болса, Ю.Путинцева 52-сатыда еді.

Бұған дейін германиялық теннисші Юлияны екі рет ұтқан еді.

Бірінші партияны қарсыластар брейк алмасумен бастады. Содан кейін А.Кербер қарқынды ойнап, есепті 5:1-ге жеткізді. Ю.Путинцева брейк жасағанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 3:6.

Есесіне екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Юлия брейк жасай білді. Тағы бір брейкпен өзінің геймін де алды – 5:1. Бұдан соң Анжелика есепті қысқартқанымен, қазақстандық теннисші сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Путинцева 3:0 есебімен алға кетті. Сосын матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:2. Тартысты өткен бәсеке барысында Ю.Путинцева, әсіресе, қысқа соққылармен қарсыласын қапы қалдырып отырды.

Осылайша Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты.

Енді бүгін жекелей сында Елена Рыбакина мен Лаура Зигемунд шеберлік байқасады. Қалған ойындар ертеңге жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или