Қазақстандық теннисші Мадрид турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Мадрид турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Мадрид челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

<span>Қазақстандық теннисші түркиялық Алтуг Челикбилекпен бірге ширек финалда уругвайлық Мартин Куэвас – аргентиналық Гильермо Дюранмен кездесті. </span>

<span>Қазақстандық-түркиялық жұп 7:6 (7:2), 6:4 есебімен жеңіске жетті. </span>

<span>Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Д.Евсеев пен А.Челикбилек 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді. Қарсыластары 5 эйс, 2 брейкпен көзге түсті. </span>

<span>Қазақстандық-түркиялық жұп финалға шығу үшін жарыстың екінші ракеткалары, бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен таласады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или