Головкин: «Альварес жылдам және мықты боксшы»

Орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альварестің Джеймс Кирклендті жеңетініне сенімді болғанын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Альварестің нокаутпен жеңуі мені таң қалдырған жоқ – ол тамаша, жылдам және мықты боксшы. Ал Киркленд ол үшін жақсы қарсылас болды. Бірақ орта салмақтағы жекпе-жектер одан басқаша. Күш бөлек, жылдамдық бөлек. Бірақ Альварес осы салмақта да жұдырықтасуға дайын деп ойлаймын.

Менің Альвареспен жекпе-жегім бе? Бұл тамаша кездесу болады, мексикалық стильдегі соғыс. Екеуіміз үшін де келесі жылдың мамырында кездескен пайдалы болмақ. Бірақ Альварес оған дейін Коттомен кездеспек. Екеуінен кімнің басым түсетінін білмеймін – мұнда мүмкіндіктер 50 де 50», -деді Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или