Қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді
«Қасапшы» деген лақап аты бар қазақстандық боксшы Виктор Темиров (1-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізу үшін Германияға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы O1NE Sport компаниясы мәлімдеді
«O1NE Sport спортшысы Виктор Темиров алдағы жекпе-жегін өткізу үшін Германияға келді», - деп жазды ұйым Instagram парақшасында.
Айта кетейік, 21 жастағы қазақстандық былтыр 10 шілдеде кәсіпқой боксқа бет бұрып, алғашқы жекпе-жегінде грузиялық Гурами Куртанидзені (4-13-4, 1 КО) жеңген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или