Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің 1/4 финалына шықты

Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің 1/4 финалына шықты

Нью-Дели (Үндістан) қаласында теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Davis Cup кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.

Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3.

Ештеңені шешпейтін үшінші бәсекеде Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды. Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.

Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді. Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или