Путинцева Қазақстан - Германия матчына дайындалып жатыр. Видео

Путинцева Қазақстан - Германия матчына дайындалып жатыр. Видео

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясындағы Германияға қарсы матчқа дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Теннис федерациясы Instagram желісінде спортшының жаттығуынан видео жариялады. 

Елордадағы Ұлттық теннис орталығында әйелдер арасында әлемдегі ең беделді командалық турнирге дайындық кезеңі аяқталуға жақын. Екі команданың ойыншылары Қазақстан астанасына келіп, жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Жібек Құламбаева жарысқа дайындалып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 15-16 сәуірде Германияға қарсы Дэвис кубогының іріктеу ойынын өткізеді. Бес кездесуден тұратын сында жеңіске жеткен команда теннистен әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Видео instagram.com/ktf.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или