Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
<span>Үндістанның Нью-Дели қаласында жасөспірімдер арасында Davis Cup кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі басталды.</span>
<span>Қазақстан құрамасы D тобында Шри-Ланка, Таиланд және Вьетнам командаларымен ойнайды. Қазақстандық жасөспірімдер бүгін бастапқы кездесуінде Шри-Ланка теннисшілерін жеңді. </span>
<span>Бірінші болып кортқа шыққан Әмір Омарханов Тила Дисиянакимен бәсекенің бірінші партиясында қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Тартысты өрбіген екінші сет соңында Әмір брейк жасай алды – 7:5. Екінші ойында Данир Қалдыбеков Вишин Нилавераны 6:3, 6:4 есебімен ұтты. </span>
<span>Жұптық сында Әмір Омарханова Виталий Зацепинмен бірге бір сағаттан сәл астам уақытта В.Нилавера – Лисал Гунитилекені тізе бүктірді – 6:4, 6:4.</span>