Пакьяо мәнсабын аяқтауға жақын қалды

WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо кәсіби мәнсабын аяқтауға жақын екендігін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«BBC» телеарнасында Пакьяо былай дейді: «Мәнсабымды аяқтаймын деп айта алмаймын, бірақ нүкте қоюға жақынмын. Жасым 36-да, жетоқсан айында 37-ге толамын. Қазіргі уақытта иығымдағы жарақаттың жазылуын күтіп жүрмін. Қашан айығамын, сол уақытта бәрін анықтайтын боламын».

Филиппиндік боксшы Мейвезермен болған жекпе-жектің жазба нұсқасын қайталап көргенін айтты: «Кездесудің жазба нұсқасын қайталап көрдім және мен екі ұпаймен жеңдім деп есептеймін. Бірақ басқаша шешім қабылданды, біз соған көнуіміз қажет».

Естеріңізге сала кетейік, Мэнни Пакьяо мен кіші-Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жек мамырдың 2-сі күні Лас-Вегас қаласында өткен болатын. Кездесуден соң филиппиндік боксшының иығында жарақат бар екендігі анықталды. Өткен аптада оған оперция жасалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или