Тетрадзе: «Ертісті баптауым жайлы ма? Ол жағын әзірше айтпаймын»

Талдықорғандық «Жетісудың» бұрынғы бапкері Омари Тетрадзе «Ертіске» қатысты жаңалыққа пікір айтудан бас тартты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жақында ғана палодарлық клубтың бас бапкерлік қызметінен босаған Дмитрий Черышевтың орнына клубтың тізгінін Омари Тетрадзе ұстайды деген жаңалық шыққан болатын. Осының анық-қанығына жету үшін «PROСПОРТ» тілшісі Омари Михайловичке сұрақ қойған болатын, бірақ Тетрадзе қойылған сауалға әзірше пікір айтудан бас тартты:

«Ертіспен» келісімшарт жөнінде сөйлесуді айтамысыз? Мен бұл сұраққа әзірше жауап бере алмаймын. Айып етпеңіз, бірақ шынымен де осы мәселе төңірегінде ешнәрсе де айта алмаймын», - дейді Тетрадзе.

Бірақ қарағандылық «Шахтерді» баптауы мүмкін деген сөзді жоққа шығарды: «Шахтермен» келісімшарт жөнінде әңгіме болған жоқ».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или